Аңдатпа
Мақалада білім беру ұйымдарында аккредиттеу тәртібін жетілдіруге қажетті әдістер мен тәсілдер қарастырылған. Маңызды жолдардың бірі – аккредиттеу органының білім беру ұйымы, сарапшылар, жұмыс берушілер мен студенттердің кері байланысы. Мақаланың негізгі мақсаты – қоғамды ақпараттандыру үшін алынған мәліметтерді бағалау негізінде кері байланыстың тиімділігін талдау. Зерттеу әдістемесі заманауи әдістер мен тәсілдер негізінде білім беру сапасын одан әрі арттыру үшін кері байланысты жүзеге асыру тетіктерін зерттеуге бағытталған. Мақаланың құндылығы білім беру қызметінің сапасын одан әрі арттыру мақсатында тұрақты кері байланыс, алынған ақпаратты бағалау, оны талдау және бақылау қажеттілігімен анықталады. Мақалада өте пайдалы практикалық ұсыныстар бар.
Түйін сөздер
кері байланыс, мүдделі тараптар сауалнамасы, сұрақ қою, сапа, сұхбат, аккредиттеу