Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – ESG құзыреттерін қалыптастыруды ескере отырып, кадрларды даярлаудың инновациялық бағыттарын зерттеу. Жүйелік көзқарас тұрғысынан тұрақты даму концепциясы шеңберінде жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуы жаңа басқарушылық шешімдерді және сәйкесінше персоналдың кәсіби құзыреттіліктеріне қойылатын талаптарды өзгертуді талап ететіні көрсетілген. Студенттер арасында инновациялық ESG құзыреттерін қалыптастыру мақсатында білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажеттілігі негізделеді.
Түйін сөздер
тұрақты даму, ESG тұжырымдамасы, білім беру бағдарламалары, ESG құзіреттіліктері, қызметкерлерді оқыту