Аңдатпа
Мақалада сапаны ішкі бағалау мәселелері, ЖОО-дағы білім беру сапасын нормативтік-заңнамалық қамтамасыз ету, ішкі сапа жүйесінің функционалдық және процестік моделі, сапаны басқару тәсілдері, білім беру сапасына қойылатын талаптарды орындау үшін пайдаланылатын қызмет әдістері мен түрлері қарастырылады. Мақаланың мақсаты халықаралық стандарттар мен ESG жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарға негізделген ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін зерттеу болып табылады, оған сапа саясаты, білім беру бағдарламаларын үнемі бақылау және мерзімді бағалау, сондай-ақ ішкі сапаны қамтамасыз етудің шетелдік модельдері кіреді. Білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін зерттеу әдістері: салыстырмалы талдау, бағалау және эволюциялық әдістерді қамтиды.
Түйін сөздер
білім сапасы, сапа жүйесі, сапаны басқару, сапа мәдениеті, сапа саясаты, тәуекел-менеджмент