Қазақстанның креативті экономикасындағы адами ресурстарды басқарудың тұжырымдамалық тәсілдері мен модельдері Таменова С. С., Айнақұл Н. А., Жупарова А. С.
DOI 10.58319/26170493_2026_2_114
PDF 7 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Мақалада жетекші елдердің тәжірибесі негізінде креативті экономикадағы адам ресурстарын басқарудың (АРБ) әдістемелік тәсілдері мен модельдері зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы үшін АРБ-ның тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеу. Жұмыста институционалдық шеңберлер талданып, дәстүрлі менеджменттен икемділік пен құндылықтарға бағытталған стратегиялық басқаруға (SHRM) көшу негізделген. Зерттеу Ұлыбританияның кластерлік тәсілі мен Швецияның горизонтальды құрылымдары сияқты халықаралық тәжірибелерді жүйелейді және оларды ұлттық контекстке бейімдеу бойынша нақты ұсыныстар береді. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы Қазақстан ЖІӨ-дегі креативті сектордың үлесін арттыру мақсатына жету үшін HR-менеджменттің тиімділігін арттыруда болып табылады.

Түйін сөздер

креативті экономика, креативті индустрия, адами ресурстар, стратегиялық адами ресурстарды басқару, персоналды басқару, таланттарды басқару, HR модельдері.

Шығарылым: №2(43)/2026

Авторлар туралы

Таменова Салтанат Сарсенбаевна

экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,  Тұран университеті, Алматы, Қазақстан. E-mail: s.tamenova@turan-edu.kz
 

Айнақұл Назым Амангельдықызы

PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Тұран университеті, Алматы, Қазақстан.E-mail: n.ainakul@turan-edu.kz
 

Жупарова Азиза Сериковна

PhD докторы, қауымдастырылған профессор Алматы менеджмент университеті. E-mail: azizazhuparova@gmail.com