Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
БІЛІМДІ ЦИФРЛАНДЫРУ, БІЛІМ БЕРУГЕ ІТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ Жұмағұлова А. Б., *Яновская О. А., Қыдырмина Н. Ә.
PDF 8-13 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Мақала заманауи тенденциялар жағдайында білім беру жүйесіндегі цифрландыруды дамыту мәселелеріне арналған: білім беру үдерісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу. Зерттеуде республиканың цифрландыру саласындағы қазіргі жағдайы мен оның халықаралық рейтингтегі орны талданады. Сондай-ақ, білім беру жүйесіндегі цифрлық өзгерістерге қатысты көзқарастар қарастырылып, еліміздің жоғары оқу орындарында цифрлық технологияларды енгізудің нақты мысалдары келтірілген. Сонымен қатар, білім нәтижелерін бағалауға теріс әсер ететін шектеуші факторлар да зерттелген. Мақаланың мақсаты – терең талдау негізінде білімді цифрландырудың қазіргі жағдайын бағалау және жаңа технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту аясында білім сапасын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін анықтау. Негізгі зерттеу әдістері – білім беру қызметін сыртқы бағалау мен талдау, салыстырмалы талдау, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында теориялық және практикалық талдау әдістері. Бұл тәсілдер цифрлық білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер

цифрландыру, цифрлық дағдылар, білім сапасы, жасанды интеллект, жаңа технологиялар, бәсекеге қабілеттілік, кәсіби дағдылар, құзыреттер.

Шығарылым: 4-2024

Авторлар туралы

Жұмағұлова Алина Бақытжанқызы

заң ғылымдарының кандидаты, бас директор, Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR), Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: iaar@iaar.kz

*Яновская Ольга Алексеевна

экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, бас директорының кеңесшісі, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR), Астана қ, Қазақстан Республикасы

E-mail: yanovskaya_o@mail.ru

Қыдырмина Нұргүл Әлімқызы

PhD, ақпараттық-талдау жобасының басшысы, Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR), Нұр-Сұлтан Қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: nurgul@iaar.kz