Аңдатпа
Мақалада орта мектепте аралас оқыту технологиясының элементтерін теориялық негіздеу және іс жүзінде жүзеге асырудағы артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру үдерісіне интеграциялау арқылы дәстүрлі күндізгі оқытудың тиімділігін арттыру міндетімен және аралас оқыту формасын пайдаланудың қолданыстағы әдістерін одан әрі дамыту және жетілдіру қажеттілігін айқындалған. Мақалада аралас оқытуды қолдану процесінде мұғалімнің рөлі, өзін-өзі тәрбиелеуге деген мотивация мен ұмтылыс, қазіргі мұғалімге оның оқушылармен жұмысы жан-жақты зерттеліп, мұғалімнің көмегімен (бетпе-бет) оқытуды онлайн оқытумен біріктіретін білім беру тәсілі, студент оқудың жолын, уақытын, орнын және қарқынын өз бетінше таңдап ұсынылады.
Түйін сөздер
аралас оқыту, электрондық білім ресурсы, презентация, интерактивті жаттығу, ротация, виртуалды модель.