Аңдатпа
Мақала педагогтардың үздіксіз кәсіби білімін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған. Зерттеу жұмысында әлемдік тәжірибеде үздіксіз білім беру жүйесі түсінігі мен даму ерекшеліктері қарастырылған. Цифрландыру жағдайында қажет болып отырған мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту үшін үздіксіз білім берудің рөлі мен маңызы дәлелденді. Заманауи мұғалімге қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді. Педагог өз іс-әрекеті барысында өз біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы, білім деңгейі мен құзыреттілігін арттыруы қажет. Осыған байланысты үздіксіз білім беру жаһандық сипатқа ие болып, ерекше маңызға ие. Мақаланың мақсаты – терең талдау және педагог білімін дамытудың маңызды басымдықтарын анықтау негізінде үздіксіз білім берудің рөлін негіздеу.
Түйін сөздер
білім, үздіксіз білім, мұғалімнің білімі, құзыреттер, дағдылар.