Аңдатпа
Мақалада ЖОО-дағы білім сапасын бағалаудың дәстүрлі тәсілдері талқыланып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері талданады. Жоғары оқу орындарында сапа менеджменті жүйесін қалыптастырудың келешегі мен мүмкіндіктері, білім беру қызметтерінің сапасының өлшемдерін, білім беру сапасын бақылау мен бағалаудың критерийлері мен көрсеткіштерін әзірлеу қажеттілігі туралы сұрақтар талқыланады. Білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін ISO 21001:2018 «Білім беру ұйымдары – Білім беру ұйымдарын басқару жүйелері» ерікті стандартын пайдалану ұсынылады.
Түйін сөздер
білім сапасы, білімге қанағаттанушылық, мониторинг, сапа жүйесі, жоғарғы білім, университет басшылығы