Аңдатпа
Мақалада Алматы технологиялық университетінің мысалында еліміздегі білім беру жүйесінің дамуы қарастырылған. Кадрларды даярлаудың заманауи тәсілдеріне, тәжірибеге бағытталған білім берудің жаңа әдістеріне, университет пен мүдделі тараптардың өзара әрекеттестігіне, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға назар аударылады. Мақаланың мақсаты – университеттің даму динамикасын талдау және зерделеу, алдағы қызметтің стратегиялық бағыттарын айқындау.
Түйін сөздер
білім беру жүйесі, кадрларды даярлау, аккредиттеу, рейтинг