STEM БІЛІМ БЕРУ МЕН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗДЕРІН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ
*Серік М., Садвакасова А. К., Култан Я., Ахметова Б. Б.
Аңдатпа
Мақалада республиканың жоғары оқу орындарының болашақ информатика мұғалімдерін даярлау процесінде STEM білім беру мен жасанды интеллекттің саласы машиналық оқыту негіздерінің оқытылу жағдайы мен олардың оқу процесінде жүзеге асырылуы қарастырылады. Аталған екі бағыт бойынша жоғары оқу орындарында ендірілген арнайы курстар туралы, олардың білім алушылардың білімдерін жетілдіруде, жаңа білік пен дағдыларының қалыптасуына қажетті мазмұндары туралы айтылады. Сонымен бірге Эразмус+ бағдарламасы аясында STEM бағыттары бойынша болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың жүзеге асырылуы келтіріледі.
Түйін сөздер
болашақ информатика мұғалімдері, оқу процесі, STEM білім беру, машиналық оқыту