Аңдатпа
Мақалада Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандырудың стратегиялық басымдықтарын айқындауға арналған әдістемелік тәсіл ұсынылған. Зерттеу жүйелік және институционалдық тәсілдерге, ғылыми әдебиеттерді талдауға, салалық шоғырлану көрсеткіштеріне және жобаларды іріктеудің көпкритерийлі рәсіміне негізделген. Өнеркәсіптік кооперацияны, логистиканы, туризмді, ресурс үнемдеуші технологияларды және кәсіпкерлікті дамыту бағыттары айқындалған. Ұсынылған әдістемелік схема салалық құрылымды диагностикалауды инфрақұрылымдық шектеулерді бағалаумен, іске асыру тетіктерімен және экономикалық өсудің сапалық көрсеткіштерін мониторингтеумен өзара байланыстырады. Зерттеу тұжырымдамалық-әдістемелік сипатқа ие; экономикалық саясаттың тиімділігін сандық бағалау алдағы уақытта эмпирикалық тексеруді қажет етеді.
Түйін сөздер
экономиканы әртараптандыру, Маңғыстау облысы, құрылымдық трансформация, өңірлік экономика, стратегиялық басымдықтар, инвестициялық саясат, экономикалық тетіктер.