Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтерді цифрлық қоғамдық инфрақұрылым (Digital Public Infrastructure, DPI) және азаматқа бағдарланған жобалық басқару тұрғысынан цифрлық трансформациялау мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - жеке куәлікті беру және ауыстыру қызметін электрондық үкіметтен проактивті, қауіпсіз және интеграцияланған цифрлық мемлекет моделіне өтудің басым кейсі ретінде ғылыми-әдістемелік негіздеу. Әдіснамасы 2020-2026 жылдардағы халықаралық әдебиеттерге шолуды, нормативтік және бағдарламалық құжаттарды талдауды, Эстония тәжірибесін салыстырмалы зерделеуді, қызметтерді карталауды, қызметтерді басымдыққа қою матрицасын және As-Is/To-Be процестерін модельдеуді қамтиды. Зерттеудің бірегейлігі үш талдамалық тәсілді біріктірумен айқындалады: whole-of-government қағидаты, DPI/GovStack архитектурасы және цифрлық трансформация үшін «жылдам нәтиже» беретін қызметті таңдауға арналған cost/benefit матрицасы. Нәтижелер жеке куәлікті беру және ауыстыру қызметінің трансформациялық әлеуеті жоғары екенін көрсетеді, өйткені ол Қазақстанда жұмыс істеп тұрған eGov.kz, eGov Mobile, цифрлық сәйкестендіру, электрондық қолтаңба, төлем сервистері және ведомствоаралық деректер алмасу сияқты DPI элементтеріне сүйенеді. Сонымен қатар тұрақты нәтиже үшін биометриялық деректерді басқару, алгоритмдерді аудиттеу, ашық журналдау, киберқауіпсіздікті тәуелсіз мониторингтеу, офлайн-арналарды сақтау және мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін дамыту қажет.
Түйін сөздер
мемлекеттік қызметтер көрсету, цифрландыру, DPI, GovStack, тұтынушыларға назар аудару, цифрлық трансформация, мемлекеттік аппараты