ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ЭКСПОРТҚА БАҒДАРЛАНҒАН ДАМЫТУ ТЕТІГІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ
DOI 10.58319/26170493_2026_3_118
PDF 10 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Мақалада цифрландыру жағдайында Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін экспортқа бағдарланған дамыту тетігін экономикалық-математикалық модельдеу негізінде жетілдіру мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ұлттық экономиканың шикізаттық экспортқа тәуелділігін төмендету, өңделген өнім үлесін арттыру, жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту және өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық трансформациясын экспорттық нәтижемен байланыстыру қажеттілігімен айқындалады. Қазіргі кезеңде Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің өндірістік көлемі өсіп келе жатқанымен, экспорт құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі жоғары деңгейде сақталуда. Бұл жағдай өндіріс көлемін ұлғайтуға ғана емес, өнім сапасын арттыруға, халықаралық стандарттарға бейімделуге, цифрлық басқаруды енгізуге, логистикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экспорттық нарықтарды жүйелі талдауға бағытталған кешенді тетікті талап етеді.

Түйін сөздер

цифрландыру, өңдеу өнеркәсібі, экспортқа бағдарланған даму, экономикалық-математикалық модельдеу, интегралдық индекс, Индустрия 4.0, экспорттық әлеует, Қазақстан.

Шығарылым:

Авторлар туралы