Адам капиталының жоғары қосылған құнын қалыптастыратын факторлар жүйесі: теориялық талдау және статистикалық негіздеме
Майдырова А. Б., Хойч А., Исаева Б. К.
DOI
10.58319/26170493_2026_2_76
Аңдатпа
Мақалада қазіргі білім экономикасы жағдайында адам капиталының жоғары қосылған құнын қалыптастыруды қамтамасыз ететін факторлар жүйесі қарастырылады. Еңбек өнімділігі мен экономикалық өсімге әсер ететін білім беру, институционалдық, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық детерминанттарға талдау жүргізілді. Адам капиталына салынатын инвестициялардың елдердің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі шешуші рөлін растайтын халықаралық ұйымдардың статистикалық деректері ұсынылды.
Түйін сөздер
адам капиталы, қосылған құн, білім беру, еңбек өнімділігі, экономикалық өсім, инновациялар.