Білім берудегі инновациялық тәсілдер: жасанды интеллект пен бейімделу жүйелерінің өқу нәтижелеріне ықпалы Муханова Г. К., Абдыбаева А. А., Ахметжанова А. Х.
DOI 10.58319/26170493_2026_2_34
PDF 8 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Цифрландыру үдерістері білім беру саласын трансформациялап, жасанды интеллектіні енгізуге және оқытудың жаңа тәсілдерінің қалыптасуына ықпал етуде. Бұл өз кезегінде дербестендірілген бейұмделмелі жүйелер арқылы оқу нәтижелерін арттыру мүмкіндіктерін зерттеудің өзектілігін айқындайды. Мақаланың мақсаты – жасанды интеллектінің білім беру үдерістеріне ықпалын және дербестендірілген бейімделмелі оқыту жүйелерінің академиялық жетістіктерді арттырудағы тиімділігін бағалау. Авторлар шетелдік және отандық зерттеушілердің жасанды интеллектіні білім беру саласында қолдану және оның оқу үдерісін дараландыруға әсері жөніндегі ғылыми көзқарастарына талдау жүргізді. Оқытуды жекелендірудегі бейімделмелі технологияларды қолдануды бағалауға, олардың даму перспективаларына, сондай-ақ оң және теріс салдарларына ерекше назар аударылды. Мақалада «жасанды интеллект», «дербестендірілген оқыту» ұғымдарын қарастыратын отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге жүйелі шолу жасауға негіздерген сапалық зерттеу әдіснамасы қолданылды. Зерттеу барысында үш дерекқор пайдаланылды: WOS, Scopus, РИНЦ. Мақала авторлары білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу және оның оқу нәтижелерін жақсартуға ықпалы мәселелеріне арналған соңғы ғылыми зерттеулер бойынша жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізуге әсер ететін факторлардың өзара тәуелділігіне бағалау жүргізілді. Мақалада ұсынылған жасанды интеллект әдістері мен оларды жүзеге асыратын бағдарламалық алгоритмдерді, сондай-ақ білім беру саласында жасанды интеллектіні енгізу деңгейін бағалау индекстерін талдау 2035 жылға дейінгі бейімделмелі оқыту жүйелерінің негізгі даму үрдістерін болжауға негіз болды. Білім беру саласының цифрлық трансформациясы жағдайында оқыту сапасын арттыруға және басым міндеттерді шешуге бағытталған жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу үдерісін оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Түйін сөздер

Оқыту сапасы, білім беру саласының цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект, дербестендірілген оқыту, бейімделмелі жүйелер, оқу нәтижелері, EdTech, машиналық оқыту, деректерді талдау.

Шығарылым: №2(43)/2026

Авторлар туралы

Муханова Гайни Казибаевна

экономика ғылымдардың кандидаты, қауымдастырылған профессор, AstanaITUniversity, Астана, Қазақстан. e-mail: gaini.mukhanova.aml.academy@gmail.com

Абдыбаева Аружан Асановна

экономика және бизнес магистрі, «Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының» бас маманы, «QAZPATENT» Ұлттық зияткерлік меншік институты, Астана, Қазақстан. e-mail: aruzhan.abdybayeva@gmail.com
 

Ахметжанова Айкун Хайруллаевна

экономика ғылымдарының кандидаты, «Есеп және қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а., «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы, Қазақстан. e-mail: aikun@mail.ru