Аңдатпа
Жұмыстың өзектілігі қазіргі педагогика үшін жаңа болып табылатын мәселені талдау және ғылыми-педагогикалық зерттеу болып табылады және қарапайым мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды арнайы білім беру мекемелеріне орналастырмай оқыту және арнайы педагог кадрларын даярлау мәселесіне қатысты. Жоғары оқу орнында «6В01401 - Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша дайындалатын мамандардың қазірі кездегі инклюзивті білім беру саласындағы жұмысын талдау барысында, бірқатар қарама-қайшылықтар анықталды: - біріншіден, жалпы білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің жүйесін дамыту және жетілдіру қажеттілігі және педагогикалық ЖОО түлектерінің ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге дайындығының жеткіліксіз деңгейі; - екіншіден, инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау деңгейіне және жоғары мектепте осындай маманды кәсіби даярлауға теориялық, әдіснамалық және практикалық технологиялардың жеткіліксіз әзірленуіне және осы мамандарға қоғам мен мектептің қоятын талаптарының жеткіліксіздігі; - үшіншіден инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін дене шынықтыру және спорт мамандарын табысты кәсіби іске асыру қажеттілігі және психологиялық кәсіби дайындық деңгейін бағалау үшін сыналған құралдардың болмауы. Осы қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын табуға деген ұмтылыс біздің зерттеуіміздің ғылыми мәселесін анықтады: «болашақ мұғалімді инклюзивті білім беру саласындағы жұмысқа тиімді дайындаудың психологиялық-педагогикалық және дидактикалық жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?» деген сұраққа жауап іздедік. Аталған проблеманы шешу студенттермен жұмысты жетілдіруге, түзетуге және болжауға, болашақ маманның кәсіби-тұлғалық даму, өзін-өзі жетілдіру және кәсіби бейімделу үдерісімен тығыз байланысты ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге олардың кәсіби дайындық деңгейін қалыптастыру және арттыру мақсатында болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарының жеке қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Түйін сөздер
Инклюзивті білім беру, дене шынықтыру, спорт, кәсіби дайындық деңгейі, болашақ маман, кәсіби-тұлғалық даму, өзін-өзі жетілдіру, кәсіби бейімделу.