Аңдатпа
Мақала Қазақстандағы білім беруді цифрландырудың құқықтық аспектілеріне арналған, онда цифрлық трансформация жағдайында білім сапасын қамтамасыз ету тәсілдеріне талдау жүргізіледі. Қазақстан Республикасындағы цифрлық үдерісті заңнамалық реттеуді салыстырмалы талдау шеңберінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздеріне ерекше назар аударылады. Мақалада еліміздегі цифрлық білім беру сапасының құқықтық кепілдігі қарастырылып, құқықтық реттеудің салыстырмалы талдауы қарастырылған. Мақаланың мақсаты – сапалы білім беруді құқықтық қамтамасыз етудегі «тар жолдарды» анықтау негізінде білім беруді цифрландырудың құқықтық аспектілерін бағалау. Бұл білім сапасын қамтамасыз ету мәселесін алдыңғы қатарға шығарып, түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Мақаланың негізгі мақсаттары – цифрлық технологиялардың білім сапасына әсерін терең түсіну, цифрлық трансформациялар жағдайында білім беру сапасын құқықтық қамтамасыз ету мен тетіктерді бағалауда мамандарды дайындау сапасының кепілі ретінде құқықтық қолдауды зерделеу. Білім беру үдерісінде болып жатқан цифрлық өзгерістерді, цифрлық оқыту мәселелерінің қаншалықты заңмен бекітілгендігімен қатар, бітірушілерді даярлау сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан зерттеу ғылыми қызығушылық тудырады. Мақаланың әдістемесі құқықтық реттеудің теориялық және практикалық негіздерін жүйелі зерттеуге, IT-технологиялардың білім сапасын қамтамасыз етуге әсерін анықтауға негізделген. Мақалада жалпы ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: салыстыру, өзгерістерді қорыту және бақылау, талдау және сыртқы бағалау, эмпирикалық талдау.
Түйін сөздер
цифрландыру, білім сапасы, сыртқы бағалау, цифрлық оқыту, құқықтық кепілдіктер, құқықтану, цифрлық технологиялар, IT технологиялар.