Аңдатпа
Цифрлық трансформация және орнықты дамудың өсіп келе жатқан талаптары жағдайында пошта компаниялары өз қызметін кешенді жаңғырту қажеттілігіне тап болады. Мұндай жаңғыртудың негізгі бағыттарының бірі ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттарына негізделген цифрлық экожүйені қалыптастыру болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ мысалында осындай экожүйені құру мүмкіндігі қарастырылады. Елдің кең аумағын, халық тығыздығының және пошта бөлімшелерінің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ESG-қағидаттарын іске асыру өңірлік дамудың нақты жағдайларына бейімделуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты тұрақты дамуды, әлеуметтік инклюзияны және экологиялық тиімділікті ескеретін цифрлық экожүйе моделін әзірлеу болып табылады. Әсерді бағалауды, басымдықтарды анықтауды, энергияны үнемдейтін және инклюзивті шешімдерді енгізуді, логистиканы цифрландыруды және серіктестіктерді дамытуды қамтитын ESG-стратегиясын енгізудің қадамдық алгоритмі ұсынылған. ESG-бастамаларды іске асыруда, әсіресе цифрландыруды қаржыландыру және институционалдық қолдау бөлігінде мемлекеттің негізгі әріптес ретіндегі рөлі негізделген. Жұмыста ұсынылған тәсілдер Дүниежүзілік пошта одағының ұсынымдарын, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын және OECD әдістемелік құжаттарын қоса алғанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл модельді Орталық Азияның басқа елдеріне масштабтау мүмкіндігіне ерекше назар аударылды, бұл мемлекетаралық цифрлық пошта экожүйесін қалыптастыруға жол ашады. Алынған нәтижелер теориялық және қолданбалы маңыздылыққа ие және пошта саласын трансформациялауды Стратегиялық жоспарлау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Түйін сөздер
ESG, цифрлық экожүйе, пошта компаниялары, тұрақты даму, цифрландыру, Қазпошта