БАСҚАРУ ОРТАСЫН ТРАСФОРМАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДА КОНТРОЛЛИНГ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ Кушебина Г. М., Коваль А. П., Комиссарова О. В.
DOI 10.58319/26170493_2025_3_26
PDF 8 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Берілген мақала басқару ортасын тарнсформациялау жағдайында Қазақстанда контроллинг жүйесін дамыту мәселелеріне арналады. Басқару жүйесінің интеграциялық құрамдас бқлігі ретінде контроллинг кәсіпорындардың тұрақты дамуының негізгі элементіне айналады. Авторлар елдегі контроллинг жүйесінің даму эволюциясын қарастырды, негізгі түсініктемелер айқындалды. Зерттеудің мақсаты – басқару ортасының трансформациясы жағдайында контроллинг жүйесін жетілдіру бағыттарын теориялық тұрғыда негіздеу және анықтау. Зерттеу барысында жүйелік, кешенді және үдерістік әдістер, теориялық концепцияларды салыстырмалы таулдау, шетелдік және отандық тәжірибені зерттеу, сондай-ақ кәсіпорындардың қызмет көрсеткіштеріне құрылымдық-логикалық талдау қолданылды. Зерттеудің өзіндік ерекшелігі – Қазақстанда контроллингтің даму кезеңдерін анықтау, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың ерекшеліктерін ескеретін басқарушылық есептіліктің ұсынылған үлгісі. Зерттеу нәтижесінде қазіргі заманғы контроллингтің бухгалтерлік-аналитикалық функциядан басқарудағы кеңестік рөлге дейін дамығаны анықталды; цифрландыру, есептілікті стандарттау және басқарушылық есептің рөлін күшейту есебінен контроллингтің тиімділігін арттыру бағыттары негізделген шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде ұсынылды; Қазақстанда бақылау жүйесін дамытудың қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективалары айқындалды.

Түйін сөздер

контроллинг, басқару жүйесі, басқарушылық есеп, жоспарлау, басқарушылық есептілік, басқару шешімдері, Қазақстан.

Шығарылым: 3-2025

Авторлар туралы

Кушебина Гульнара Маликовна*

экономика ғылымының кандидаты, менеджмент кафедрасының доцент м.а., Esil University, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: dgm0177@gmail.com

Коваль Андрей Петрович

экономика ғылымының кандидаты, ғылым және коммерцияландыру басқармасы бастығы, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік универсиеті, Қостанай қ., Қазақстан Республикасы, ORCID 0000-0002-4531-3233

E-mail: koval_an@rambler.ru

Комиссарова Ольга Владимировна

экономика ғылымының магистрі, бизнес және басқару кафедрасының доценті, З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қостанай қ., Қазақстан Республикасы, ORCID 0009-0003-2785-4276

E-mail: olga.komissarova@list.ru