ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ» ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Есберген Р., *Кенжин Ж. Б., Азамхан А.
PDF 73-81 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

«Ақылды қала» тұжырымдамалары – бұл қазіргі заманғы урбанизация жағдайында қалаларды басқарудың инновациялық үлгілері мен цифрлық шешімдерді қамтитын күрделі жүйе. Олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғындардың қажеттіліктеріне жедел және тиімді жауап беруіне, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды оңтайландыру мен ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған. Мұндай қалаларда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект, «заттар интернеті» және үлкен деректер жүйесі қолданылады. Осы мақалада цифрландыру жағдайында қалалардың даму факторлары талданып, «ақылды қала» жобаларын жетілдіру арқылы қалада өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған теориялық негіздер мен практикалық ұсыныстар ұсынылады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибедегі және Қазақстандағы «ақылды қалалардың» сипаттамалары, олардың даму деңгейі, өзекті мәселелері мен болашақтағы әлеуеті қарастырылады. Зерттеу барысында жүйелі және мазмұндық талдау әдістері қолданылды, ал теориялық база ретінде осы саладағы ғылыми мақалалар мен аналитикалық материалдар айдаланылды.

Түйін сөздер

цифрландыру, ақылды қала, цифрлық технологиялар, қала инфрақұрылымы, инновациялар, заттар интернеті.

Шығарылым: 2-2025

Авторлар туралы

Есберген Раушан

экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор., Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы филиалы, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3923-2517

Е-mail: r.esbergen@apa.kz

*Кенжин Жаксат Болатович

PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: kenzhin.zhaxat01@gmail.com

Азамхан Ардах

экономика бойынша PhD., қауымдастырылған профессор, Торайғыров университеті, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6633-5477

Е-mail: armoni04@mail.ru