Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы жоғары білімді дамыту мәселелері қарастырылған. Бітіруші мамандарды даярлау сапасына әсер ететін факторлар, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек нарығындағы сұранысы зерттеледі. Осыған байланысты демографиялық және экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесінің тұрақты және тиімді дамуын қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып отыр. Зерттеудің мақсаты – цифрлық трансформация және жасанды интеллект жағдайында жоғары білімді дамыту бойынша талдау жүргізу және тиімді нұсқауларды анықтау. Зерттеу әдістемесі қазіргі заманғы тәсілдер мен жоғары білім беруді одан әрі дамытудағы «тарыл тұстарды» анықтауға мүмкіндік беретін теориялық және аналитикалық әдістерге негізделген.
Түйін сөздер
жоғары білім, бәсеке, цифрлық құзыреттілік, білім сапасы, жасанды интеллект, стратегиялық серіктестік, экономикалық өсу