АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН САЛАСЫНДА ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР *Искендирова С. К., Бәкірова К. Ш., Зейнолла С. Ж.
PDF 20-34 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешені (АӨК) саласындағы жоғары білімнің сапасын мемлекеттік білім беру тапсырысын жоспарлау және бөлу контексінде талдауға арналған. Жұмыста аграрлық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға арналған гранттардың көлемі мен құрылымындағы негізгі өзгерістер, студенттер мен түлектердің санының динамикасы, сондай-ақ жас мамандардың жұмысқа орналасу мәселелері қарастырылады. Кадрлар даярлау көлемі мен салалардағы жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы сәйкессіздік, сондай-ақ кадрларды тартудың қазіргі механизмі мен ауыл жастарына арналған квоталық жүйе тиімділігін талдауға ерекше назар аударылған. Зерттеу нәтижелері АӨК секторының басымдылығы жарияланғанына қарамастан, аграрлық бағыттар бойынша гранттардың үлесі мен қаржыландыру деңгейінің төмен екенін көрсетеді. Мамандар даярлау бағдарламасын өңірлердің қажеттіліктеріне, инфрақұрылымдық қамтамасыз етуге және кадрларды тұрақты орнықтыруға баса назар аудара отырып қайта қарау қажет. Агроөнеркәсіп саласының білім сапасына әсер ететін негізгі факторлар бойынша қорытындылар ұсынылып, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес білім беру саясатын теңдестіру жөнінде ұсыныстар жасалды. Алынған деректер ауыл шаруашылығындағы кадрлық әлеуетті дамыту, аграрлық мамандықтардың тартымдылығын арттыру және білім беру саласындағы бюджеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру стратегияларын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер

агроөнеркәсіп кешені (АӨК), жоғары білімнің сапасы, кадрлар даярлау, аграрлық білім беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы, жас мамандардың жұмысқа орналасуы.

Шығарылым: 2-2025

Авторлар туралы

*Искендирова Сауле Куандыковна

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақмола облысы бойынша филиалының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-3596-8831

Е-mail: s.iskendirova1968@gmail.com

Бәкірова Күлжахан Шаймерденқызы

педагогика ғылымдарының докторы, география және экология кафедрасының профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2175-3576

Е-mail: bakirova59@mail.ru

Зейнолла Сауле Жанатовна

экономика бойынша PhD, жоба басшысы, Қазақстан-Неміс университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-9504-9629

Е-mail: zeinollasaule@gmail.com