СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ИНТЕРНЕТ-САУДА Аманжол Б. Ә., *Мирзалиева С. С., Бисвас С.
PDF 100-109 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Алматы қаласындағы жетекші ойын-сауық орындарының бірі болып табылатын Hawaii Miami Aquapark & SPA қызметіндегі интернет-сауданың стратегиялық рөлі қарастырылады. Цифрлық платформалардың тұтынушылардың мінез-құлқы мен бизнес үдерістеріне әсері артып келе жатқан жағдайда, зерттеудің мақсаты – интернет-сауданың аквапарктің кірісін арттыруға, клиенттердің тартылуы мен жалпы стратегиялық басқаруына қосатын үлесін бағалау, сондай-ақ онлайн сату арналарының әсерін, әлеуметтік желідегі маркетингтің тиімділігін және келушілердің сатып алу үрдістерін талдау. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін зерттеуде 2021–2024 жылдар аралығындағы қаржылық деректерді талдау, 5000 клиент арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша олардың сатып алу дағдыларын, келу жиілігін және маркетингтік арналарға деген көзқарастарын зерттеу, сондай-ақ 2024 жылғы веб-сайт арқылы сатылған билеттердің санаттарын бағалау арқылы танымал өнімдерді анықтау және даму әлеуетін айқындау тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижелері интернет-сауданың тұрақты өсімін көрсетіп, тұтынушылардың цифрлық транзакцияларға деген сұранысының артып келе жатқанын дәлелдейді, ал Instagram платформасы, әсіресе жастар арасында, клиенттерді тарту мен олармен өзара әрекеттесу үшін ең тиімді құрал ретінде танылды. Толық күнге арналған билеттер ең көп кіріс әкелгенімен, кейбір өнімдер, мысалы, кешкі жүзу билеттері, төмен сұраныспен ерекшеленді, бұл мақсатты жарнамалық акциялар мен баға стратегияларын жетілдіру мүмкіндігін көрсетеді. Алынған нәтижелер негізінде аквапарктің интернет-сауда стратегиясын күшейту, өнім түрлерін әртараптандыру және цифрлық маркетингті жетілдіру арқылы тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірленді.

Түйін сөздер

интернет-сауда, стратегиялық басқару, цифрлық маркетинг, электрондық коммерция, кіріс динамикасы, тұтынушылармен өзара әрекеттестік

Шығарылым: 1-2025

Авторлар туралы

Аманжол Бексұлтан Әлібиұлы

магистрант, Нархоз Университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: bexultan.amanzhol@narxoz.kz

*Мирзалиева Санам Суннатуллаевна

экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Нархоз Университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6287-182X

E-mail: sanam.mirzalieva@narxoz.kz

Бисвас Самир

операциялық менеджмент бойынша PhD, ассистент профессор, Удайпур Үндістан Менеджмент Институты, Удайпур қ., Үндістан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9754-9259

E-mail: samir.biswas@iimu.ac.in