КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ АДАМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ *Рахметулина Ж. Б., Бухатова А. С., Дюсупова Г. Т.
PDF 35-41 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Жасанды интеллекттің, ақпараттық технологиялардың дамуы, әлеуметтік ортадағы өзгерістер, коммуникация мен ынтымақтастықтың жаңа үлгілерінің дамуы адами капиталдың дамуына әсер етеді. Түбегейлі жаңа әдістемеге негізделген адами капиталды басқару жұмыс күшінің сапасы цифрлық экономика талаптарына сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл зерттеудің мақсаты цифрлық экономика жағдайында кәсіпорындардың адам капиталын басқарудың тұжырымдамалық базасын негіздеуде еңбекті басқарудың теориялық және әдістемелік негіздерін жасау болып табылады. Мақалада адам капиталын басқардың тұжырымдамалық принциптері жүйеленген, адам капиталын басқару теориясы және жалпы әдістемелік тәсілдер өткен трансформациялар көрсетілген. Цифрлық экономика жағдайында кәсіпорын қызметкерлерінің адам капиталын басқару әдістемесі аясында инвестицияның негізгі түрі барлық кәсіби топтар мен персонал санаттары үшін қажетті цифрлық білім болып табылады, өйткені цифрлық білім негізгі өндірістік ресурсқа айналды. Зерттеуде еңбек нарығы тарапынан еңбек сапасына қойылатын жаңа талаптарды және цифрлық экономика жағдайында жұмыспен қамтудың жаңа түрлерін дамытуын көрсететін цифрлық экономика жағдайында адам капиталын басқарудың стартегиялық үлгісін ұсынады. Бұл үлгі басқарудың маңызды әдістемелік принциптерін ашуға мүмкіндік беретін, еңбек нарығындағы барлық стейкхолдерлердің мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді стратегияларды анықтауға, басқарудың жаңа драйверлерін енгізеді.

Түйін сөздер

адами капиталды басқару, адам ресурстары, цифрлық даму, технологиялық құрылым, цифрлық дағдылар

Шығарылым: 1-2025

Авторлар туралы

*Рахметулина Жибек Берлибековна

экономика ғылымдарының кандидаты, экономика және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-9973-9627

E-mail: rahmetulina_zh@mail.ru

Бухатова Асем Салауаткызы

PhD докторанты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: https://orcid.org/0009-0005-2689-5425

Е-mail: asem.bukhatova@mail.ru

Дюсупова Гульмира Турсунгалиевна

PhD докторанты, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы

Е-mail: gul1511@mail.ru