Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
ЗАМАНАУИ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РОЛІ МЕН ОРНЫ *Жайлаубаева Ж. А., Естурлиева А. И., Бермухамедова Г. Б.
PDF 97-103 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Мақалада экологиялық таза технологиялардың Қазақстанның экономикалық және экологиялық дамуына тигізетін маңызы мен әсерлерін қарастырылған. Жасыл технологиялар тұрақты дамуға өту процесі климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануы тәрізді глобалды экологиялық мәселелер жағдайында маңызды рөл атқарады. Зерттеу күн энергиясынан және жел энергиясынан алынатын энергетикалық станциялары, қалдықтарды қайта өңдеу жобалары және органикалық ауыл шаруашылығы секілді жасыл технологияларды енгізудің тиімді мысалдарын талдайды. Экономикалық пайда, соның ішінде, энергетикалық шығындардың төмендеуі, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және экологиялық таза өнімдерден түсетін табыстың өсуіне негізгі назар аударылады. Экологиялық артықшылықтар да қарастырылады, соның ішінде парниктік газдардың шығарындыларын айтарлықтай азайту және ауа сапасын жақсарту мәселелері. Зерттеудің мақсаты – жасыл технологиялардың Қазақстанның экономикалық және экологиялық дамуына тигізетін рөлін және әсерін бағалау, сондай-ақ олардың тиімді енгізілуі үшін ұсыныстар әзірлеу. Зерттеуде деректерді талдау, салыстырмалы талдау, экономикалық модельдеу және экологиялық мониторинг әдістері жасыл технологиялардың әсерлерін бағалау үшін қолданылды. Зерттеу Қазақстандағы жасыл технологиялардың практикалық қолданылуы, олардың экономикалық және экологиялық артықшылықтары туралы бірегей деректер ұсынылады және мемлекеттік саясат пен бизнес стратегиялары үшін нақты ұсыныстар берілген. Мақалада жасыл технологияларды пайдалану тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту, нормалар мен стандарттарды әзірлеу, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстарды қаржыландыру және білім беру бағдарламаларын дамыту жөнінде ұсыныстар көрсетілген. Зерттеу нәтижелері жасыл технологияларды экономикалық жоспарлау мен стратегиялық дамуға интеграциялаудың қажеттілігін растайды. Осылайша, мақала жасыл технологиялардың тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету құралы ретіндегі маңыздылығын және мәнін атап көрсетеді, сондай-ақ осы саладағы практикалық қолдану және болашақ ғылыми зерттеулер үшін құнды ұсыныстарын айқындалған.

Түйін сөздер

тұрақты даму, энергетикалық тиімділік, экономикалық даму, эко-тиімділік, жасыл экономикаға өту, экологиялық технологиялар.

Шығарылым: 4-2024

Авторлар туралы

*Жайлаубаева Жадра Алламратовна

докторанты, Yessenov University, Актау қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: zhadra.zhailaubayeva@yu.edu.kz

Естурлиева Айгул Икласовна

экономика ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Yessenov University, Ақтау қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: aigul.yesturliyeva@yu.edu.kz

Бермухамедова Галия Бериковна

экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Yessenov University, Ақтау қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: galiya.bermukhamedova@yu.edu.kz