Аңдатпа
Өмір сүру деңгейіне және бақытына қанағаттану көрсеткіштері халықтың субъективті әл-ауқатын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады және көптеген факторлармен байланысты, соның ішінде тұрғылықты жері, жынысы, жасы және т.б. Бірақ Қазақстан жағдайында бұл айнымалылар арасындағы байланыстардың тығыздығы нашар зерттелген. Мақаланың мақсаты – қазақстандықтардың субъективті әл-ауқаты, оның ішінде өмірге қанағаттану мен бақыт деңгейі мен тұрғылықты жері мен негізгі әлеуметтік-демографиялық факторлар – жынысы, жасы және тұрғылықты жері арасындағы байланысты анықтау және талдау. Зерттеу осы факторлардың субъективті әл-ауқат көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесін анықтауға және олардың өзара байланысының динамикасын бағалауға бағытталған. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2018-2023 жылдар аралығындағы халықтың өмір сүру сапасы бойынша жүргізген ұлттық зерттеулерінің деректері пайдаланылды. Эмпирикалық деректерді талдау үшін сипаттамалық және корреляциялық деректерді талдау әдістері қолданылды. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік саясатты қалыптастыру кезінде әртүрлі әлеуметтік факторлар мен демографиялық ерекшеліктерді есепке алу үшін маңызды болып табылатын жынысы, тұрғылықты жері және Қазақстандағы субъективті әл-ауқат арасындағы әлсіз және орташа статистикалық маңызды байланыстар анықталды.
Түйін сөздер
бақыт деңгейі, халықтың субъективті әл-ауқаты, әлеуметтік зерттеу, қанағаттану деңгейі, демографиялық ерекшеліктер