Аңдатпа
Өмір бойы инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған 4 «Сапалы білім беру» Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) Қазақстан үшін маңызды міндет болып табылады. Жылдам өзгеретін әлем жағдайында сапалы білім – ел экономикасының өсуінің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік прогресстің негізіне айналып отыр. Мақалада қаржыландырудың, ресурстарды бөлудің және мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы өзара іс-қимылдың рөліне баса назар аударыла отырып, Қазақстанда 4 ТДМ-ға қол жеткізуге әсер ететін экономикалық факторларға кешенді талдау жүргізілді. 2024 жылғы ТДМ рейтингінің деректері бойынша Қазақстан 66-шы орындағы өз орнын сақтап қалғанымен, 4 ТДМ бойынша динамика теріс, бұл осы саладағы прогрестің баяулағанын көрсетеді. Тенденцияларды талдау білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған жалпы күш-жігерге қарамастан, экономикалық қолдаудың жеткіліксіздігі және ресурстарды тиімсіз бөлу 4 ТДМ міндеттерін жүзеге асыруды баяулатуды жалғастыруда. Зерттеу нәтижесінде орын алған мәселелерді жоюға және Қазақстанда 4 ТДМ-ды жүзеге асыруды жеделдетуге бағытталған білім беру бюджеттерін жұмсауды оңтайландыру, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы үйлесімді жақсарту бойынша ұсынымдар ұсынылды.
Түйін сөздер
тұрақты даму мақсаттары, Қазақстан, сапалы білім беру, экономикалық факторлар, білім беру саясаты, рейтинг.