Аңдатпа
Мақалада нарықтық процестерді талдау үшін Data Mining әдістерін пайдалану қарастырылады. Деректерді алу технологиялары нарықтағы жасырын заңдылықтар мен үрдістерді анықтау үшін қалай қолданылуы мүмкін екендігіне аса назар аударылады, бұл неғұрлым негізделген басқару шешімдерін қабылдауға және тиімді стратегияларды әзірлеуге ықпал етеді.Нақты қосымшалардың мысалдары деректердің үлкен көлемін талдау маркетингтік науқандарды оңтайландыруға, нарықтық қоржындарға талдау жүргізуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Қорытындыда Data Mining-дің қазіргі заманғы бизнес үшін маңыздылығы және компаниялардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін осы әдістерді күнделікті тәжірибиеге еңгізу қажеттілігі аталады.
Түйін сөздер
бизнес-процесс, клиенттерді сегменттеу, маркетингтік зерттеу, data mining, деректерді талдау