Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ STEM-БІЛІМ: ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ *Сатпаева З. Т., Акимова Н. М., Кангалакова Д. М., Сулейменова А. Ш.
PDF 45-55 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Әдетте, әйелдер STEM білім беру және жұмыспен қамту саласында аз қамтылғандығы байқалады. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстандағы жоғары оқу орнынан кейінгі STEM-білім беруді гендерлік талдау және әйелдердің осы салаға қатысуын кеңейту бойынша перспективалық бағыттарды айқындау болып табылады. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасы гендерлік паритет индексін пайдалана отырып, әйелдердің магистратура мен докторантура деңгейіндегі қатысуын бағалауға бағытталған либералды феминизм тұжырымдамасының ережелері болды. Зерттеу барысында салыстырмалы тәсіл қолданылды. Зерттеудің негізгі әдісі — Ұлттық статистика бюросының 2019/2020 оқу жылынан 2023/2024 оқу жылына дейінгі кезеңде жынысы бойынша бөлінген дайындық бағыттары мен мамандықтарды жіктеу бойынша магистранттар мен докторанттарды бөлу жөніндегі деректерін экономикалық-статистикалық талдау. Қазақстанда жоғары оқу орнынан кейінгі STEM-білім беру «Ғылым» және «Математика» бағыттары бойынша әйелдердің басындылығымен, ерлер басымдылығына – «Технология» және «Инженерия» бағыттары бойынша гендерлік теңсіздікпен сипатталатыны анықталды. Пандемиядан кейінгі кезеңде, жеделдетілген цифрландыру жағдайында бұл бағыттар бойынша магистранттар саны өсті, ал докторанттар саны мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейіндегі талапкерлер мен студенттер арасында әйелдер саны азайды. STEM саласындағы әйелдерге кедергілерді жою, сондай-ақ осы салалардағы әйелдердің қатысуын арттыруға, кәсіби өсуге және табысқа жетуге ықпал ететін гендерлік сезімтал және инклюзивті және қолдаушы орталарды құру бойынша ұсыныстар берілді.

Түйін сөздер

гендерлік теңдік, магистратура, докторантура, ғылым, технология, инженерия, математика

Шығарылым: 3-2024

Авторлар туралы

*Сатпаева Зайра Тулегенқызы

PhD, қауымдастырылған профессор, Инновациялық және технологиялық және даму бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: satpayeva.zaira@ieconom.kz

Акимова Нұргүл Мамасадыққызы

M.Sc., директоры, Глобал Сайнс, Бишкек қ., Қырғызстан Республикасы

E-mail: akimova0901@gmail.com

Кангалакова Дана Мұратбекқызы

PhD, қауымдастырылған профессор, Экономиканың нақты секторы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: dmuratbekovna@mail.ru

Сулейменова Арайлым Шаймұратқызы

M.Sc., Жаһандану және әлемдік экономика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: shaimuratovna@mail.ru