Аңдатпа
Мақалада білім экономикасының дамуының өзекті мәселелері, ерекшеліктері, функциялары, элементтері, қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған. Білім экономикасының тұжырымдамасына, дамудың маңызды мазмұны мен эволюциясына ерекше назар аударылады. Зерттеу әдістемесі білім экономикасын қалыптастырудағы заманауи тәсілдер мен тенденцияларды, сондай-ақ жаһандық өзгерістер жағдайында мультипликативті әсер алуға мүмкіндік беретін экономикалық өсуге әсер ететін факторларды зерттеуге бағытталған. Мақаланың мақсаты – алынған мәліметтерді бағалау негізінде білім экономикасын дамытудың маңызды бағыттарын анықтау. Мақаланың құндылығы білім экономикасының дамуына әсер ететін факторларды зерттеуде, экономикалық өсу жағдайын дамыту және жақсарту мақсатында ақпаратты бағалауда. Мақалада инновациялық даму бойынша ұсыныстар беріліп, білім экономикасын қалыптастыру жағдайының күшті және әлсіз жақтары, жеделдету резервтері қарастырылып, мемлекеттің күш-жігерінің векторы көрсетілген. Мақалада білім экономикасының дамуымен туындайтын проблемалар айқындалып, оны жақсартудың перспективалы жолдары ұсынылған.
Түйін сөздер
білім экономикасы, адам ресурстары, инновация, білім беру, цифрландыру