Аңдатпа
Мақалада қылмыстық заңнамадағы дәлелдеу сатысы, дәлелдеу субъектілері маңызды элементтерінің бірі болып табылатын дәлелдемелер институты, оның қылмыстық іс бойынша дұрыс әрі заңды шешімнің қабылдануындағы ролі қарастырылады. Дәлелдемелерді зерттеу ұтымды және эмоционалдық бастамаларды бөлудің негізінде құрылуға тиіс. Осыған сүйенсек, дәлелдемелерді тексерудің нысаны ретінде ойша құру, эмпиризмдік және тәжірибелік тәсілдер танылады (бұл орайда эмпиризмдік тәсілдер құбылыстың сандық сипатын, ал тәжірибе-лік сапалық сипатын бейнелейді). Дәлелдемелер қылмыстық іс жүргізудің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан дәлелдеу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының жүйесіне органи-калық түрде кіреді.
Түйін сөздер
қылмыстық процесс, дәлелдеу, дәледеу субъектілері, зерттеу, бағалау