Аңдатпа
Мақала қазіргі Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған. Бұл мақаланың негізгі мақсаты Ауғанстан Республикасының 2003 жылғы Конституциясы бойынша әйелдердің экономикалық құқықтарын талдау болып табылады. Авторлар белгілі мысалдар арқылы Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары туралы конституцияның баптарының сәтті жүзеге асырылғанын көрсетуге тырысты. Бұл мақаланы жазу кезінде авторлар жүйелік талдау әдісін, тарихи әдісті, сонымен қатар статистикалық әдісті пайдаланды. Мақаланың ғылыми маңыздылығы авторлардың Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтарының бекітілуі мен жүзеге асырылуына ғылыми талдау жасауға тырысқандығында, 2003 жылғы конституция нормаларының дұрыстығын көрсеткенінде. Мақала соңында авторлар қорытындылар жасап, әйелдердің экономикалық құқықтарына қатысты туындаған проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстар береді.
Түйін сөздер
экономикалық құқықтар, әйелдер құқығы, конституция, экономикалық жетістіктер, өмір сапасы