Аңдатпа
Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының жоғары білім беру жүйесі елдің жаңа тиімді экономикалық моделін құруға белсенді түрде қатысуға қабілетті – бұл шет елдерге білім экспортын дамыту. Қырғызстан географиялық, климаттық, саяси, психологиялық факторларға, сондай-ақ қолайлы баға деңгейіне байланысты шетелдік студенттер үшін өте тартымды. Сонымен қатар, республика Азия өңірінің білім беру нарығында жеңімпаз позицияны иеленіп, Еуразияның халықаралық білім беру орталығына айнала алады. Мақалада білім беру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде білім беруді интернационалдандыруды және оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейту мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер
халықаралық аккредиттеу, интернационалдандыру, академиялық ұтқырлық, білім экспорты, медициналық білім