КӨП ҚЫРЛЫ МӘДЕНИ ОРТАДА ОҚЫТУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚТЫҢ БІРІ
*Туксаитова Р. О., Омарова Г. Т., Әлімжанова Б. Е.
Аңдатпа
Бұл мақалада білім берудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде оқушылардың көпмәдениетті тәрбиесіне көп көңіл бөлінген, оның мақсаты жеке тұлғаның құндылық бағдарларын қалыптастыру және этномәдени ортаны құру болып табылады. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысының негізгі нормативтік құжаттары мен басым бағыттары берілген. Көпмәдениетті педагогикалық білім беру мазмұны негізделетін көпмәдениетті тәрбиелеудің әдістері мен технологиялары қарастырылады.
Түйін сөздер
көпмәдениетті білім беру, этномәдени орта, педагогикалық мәдениет, әлеуметтік-этикалық құзыреттер