Аңдатпа
Білім беру жүйесі экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың негізгі векторы ретінде қарастырылады. Мақалада білім беру сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде әлемдегі білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары, студенттер мен оқытушылардың интернационализациясы мен академиялық ұтқырлығын кеңейту қарастырылған. Зерттеу барысында білім беру жүйесін салыстырмалы талдау және бағалау әдістері қолданылды, бұл болашақта жоғары білім берудің дамуының жалпы және ерекше ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақаланың мақсаты – білім сапасын қамтамасыз етудегі негізгі тенденцияларды қарастыру және білім беру қызметін дамыту жолдарын анықтау.
Түйін сөздер
білім, құқықтық қамтамасыз ету, білім сапасы, аккредиттеу, түлектерге сұраныс, еңбек нарығы