Аңдатпа
теудің мақсаты – интеллектуалды көлік жүйелері (ITS), Big Data, IoT, блокчейн, жасанды интеллект және бұлттық сервистер технологияларының Қазақстан транспорт-логистика саласына ықпалын бағалау, осы процестегі негізгі кедергілерді анықтау және трансформацияны жеделдетуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу. Зерттеуде жүйелік талдау, салыстырмалы-сараптамалық, корреляциялық-регрессиялық, экономикалық бағалау және SWOT-талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде: Қазақстанның ОАА аймағындағы сенімді LPI көшбасшылық позициясы дәлелденді; GCI мен LPI арасындағы r=0,94 корреляция IT-инвестициялардың тікелей ықпалын растайды; SWOT-матрица арқылы саланың 5 күшті жағы, 5 әлсіздік, 5 мүмкіндік және 5 қауіп-қатер жүйеленді; 6 негізгі кедергі санаты анықталып, шешу жолдары ұсынылды; «Инновациялық даму» технологиялық платформасының концептуалдық үлгісі мен 2025–2030+ жылдарға арналған кезеңдік жол картасы синтезделді.
Түйін сөздер
цифрлық трансформация, көлік-логистика кешені, интеллектуалды көлік жүйелері, Big Data, IoT, логистика тиімділігі индексі, SWOT-талдау.