ӨҢІРЛІК АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЭКОНОМЕТРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ НЕГІЗІНДЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
DOI 10.58319/26170493_2026_3_82
PDF 9 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Мақалада өңірлік агроөнеркәсіптік кешеннің ресурстық әлеуетін бағалау және эконометриялық модельдеу негізінде стратегиялық басқару тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды. «Ресурстық әлеует» ұғымына ғылыми тұрғыда зерттеулер жүргізіліп, еліміздің агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі даму деңгейіндегі ресурстар әлеуетіне талдаулар жүргізілді, оның ішінде: материалдық-техникалық базаның тозуы, қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі және инновациялық үдерістердің баяу жүзеге асып жатырғандығы дәйектелді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда негізгі кедергілердің бірі қаржылық ресурстардың шектеулі болуыныңда маңыздылығы көрсетілді. Мәселелерді шешу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді және оның құрамдас бөліктерін дамытуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша перспективалық бағыттар қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша шетелдік тәжірибелерге талдаулар жасалып, авторлар тарапынан ресурстық әлеуетті дамытудың әдістемелік жолдары ұсынылып, көпфакторлы регрессиялық модель ұсынылды.

Түйін сөздер

агроөнеркәсіптік кешен, ресурстық әлеует, инновация, стратегиялық басқару, өңірлік даму, экономикалық өсу.

Шығарылым:

Авторлар туралы