Аңдатпа
Бұл мақалада экономикадағы жасанды интеллекттің (AI) теориялық негіздері мен даму тенденциялары қарастырылады. АI бағыттары және оның тиімділікті арттыруға әсері және онымен байланысты тәуекелдер зерттеледі. Маңызды мәселелерге мемлекеттік реттеу және AI дамуының болашақ перспективалары кіреді. Мақаланың өзектілігі жаһандық экономиканы кеңінен цифрландырумен және жасанды интеллектті белсенді енгізумен анықталады. Бәсекеге қабілетті ортада AI экономикалық өсудің және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың стратегиялық факторына айналуда. Бұл мақаланың мақсаты – жасанды интеллекттің экономикаға ықпалының қазіргі жағдайы мен келешегін зерттеу және цифрландыруды дамыту жағдайында экономикалық қызметтің негізгі аспектілеріне әсерін анықтау. Зерттеудің негізгі міндеттері экономикалық дамуды, мемлекеттік реттеуді бағалау және пайда болған тәуекелдерді ескере отырып, оның әсерін талдау негізінде жасанды интеллектті қолданудың теориялық аспектілерін зерттеу болып табылады Негізгі зерттеу әдістері бағалау және талдау, синтез және салыстыру әдісі болды.
Түйін сөздер
жасанды интеллект, цифрлық экономика, мемлекеттік реттеу, еңбек нарығының тиімділігі, цифрлық экожүйелер.