Орталық Азия елдерінің шығармашылық индустрияларының қазіргі жағдайына салыстырмалы талдау *Закирова Д. И., Дадабаева Д. М., Джумадилдаева Ж. Б.
DOI 10.58319/26170493_2026_2_93
PDF 4 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Мақала Орталық Азия елдерінің — Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның — шығармашылық индустрияларының қазіргі жағдайына салыстырмалы талдау жасайды. Зерттеудің мақсаты — аймақтық деңгейде шығармашылық экономиканың негізгі параметрлерін бағалау және елдер арасындағы ортақ тенденциялар мен айырмашылықтарды анықтау болып табылады. Зерттеу барысында ЮНКТАД, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк және ұлттық статистика органдарының деректеріне негізделген сипаттамалық-салыстырмалы әдіс, сондай-ақ ашық деректер арқылы цифрлық белсенділікті талдау пайдаланылды. Нәтижелер бойынша Қазақстан мен Өзбекстан шығармашылық экономиканың жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі, жұмысбастылық деңгейі және цифрлық платформалардағы белсенділік тұрғысынан аймақта жетекші орын алатыны анықталды. Қырғызстан мен Тәжікстанда шағын шығармашылық кәсіпорындар, ең алдымен қолөнер және дизайн салаларында, серпінді дамуда. Түркіменстан бойынша деректер шектеулі, алайда дәстүрлі мәдениет пен қолөнердің экономикалық маңызы жоғары. Барлық елдерде шығармашылық индустриялардың ЖІӨ-ге үлесі 2–7% аралығында екені, ал аймақтың жалпы шығармашылық экспорты 2024 жылы 850 млн АҚШ долларын құрады. Зерттеу шығармашылық индустрияларды дамытуда аймақтық ынтымақтастықтың, цифрлық дағдылар мен интеллектуалдық меншікті қорғау инфрақұрылымының маңызы туралы практикалық ұсыныстармен аяқталады.

Түйін сөздер

шығармашылық индустриялар, Орталық Азия, шығармашылық экономика, салыстырмалы талдау, мәдени сектор, цифрландыру, еңбек нарығы.

Шығарылым: №2(43)/2026

Авторлар туралы

*Закирова Дильнара Икрамхановна

PhD, зерттеуші профессор, «Тұран» университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: 0000-0001-5161-959X

E-mail: ulasdila@gmail.com

Дадабаева Дарьдана Маратовна

э.ғ.к. (экономика ғылымдарының кандидаты), профессор, «Тұран» университеті Экономика және менеджмент жоғары мектебінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан. e-mail: d.dadabayeva@turan-edu.kz.
 

Джумадилдаева Жания Бакитовна

PhD, қауым. профессор, «Тұран» университеті Маркетинг және логистика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан. e-mail: z.jumadildayeva@turan-edu.kz.