Аңдатпа
Мақалада синтетикалық есірткінің жастар арасында таралуының қазіргі эпидемиологиялық жағдайына шолу жасалып, мәселенің психологиялық тетіктері – әсіресе өзін-өзі реттеу мен ингибиторлық бақылаудың рөлі – ғылыми тұрғыдан талданады. Қазақстанда ресми түрде 18 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді деп тіркелгенімен, сарапшылар нақты көрсеткіш бірнеше есе жоғары (3–5 есе) екенін айтады [1]. Синтетикалық есірткі тұтынушылардың 75%-ы 30 жасқа дейінгі жастар [2]. Зерттеу барысында дене шынықтыру мен спорттың есірткі тәуелділігінің алдын алудағы тиімділігі алты деңгейде (нейроэндокриндік, нейрохимиялық, психологиялық, эмоционалды-еріктік, мінез-құлықтық және әлеуметтік-когнитивтік) қарастырылды. Негізгі нәтижелер: 6 апталық аэробты жаттығулар стресстік кортизол бөлінуін 27%-ға төмендетеді. 30 минуттық жүгіру β-эндорфин деңгейін 2–3 есе арттырады. 12 апталық спорттық бағдарлама есірткіге құмартуды 52%-ға төмендеткен және өзін-өзі бақылауды 38%-ға өзгертеді, ал импульсивті шешім қабылдау 2,5 есе жақсарады. Сондай-ақ, зерігу факторы есірткіні алғаш қолданудың 44% себебі болса, аптасына 5 сағаттан көп ұйымдастырылған спорт тұтыну ықтималдығын 3 есе төмендетеді. Қорытындыда спорттың көпдеңгейлі нейробиологиялық және психоәлеуметтік әсері дәлелденіп, Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған есірткіге қарсы кешенді жоспарларына енгізу үшін ғылыми негізделген ұсынымдар (міндетті апталық спорт көлемі, есірткіге бейім жастарға арналған 12 апталық интервенция, нейробиологиялық мониторинг, экстремалды спорт түрлерін профилактикалық арна ретінде дамыту) берілген.
Түйін сөздер
Синтетикалық есірткі, жастар, өзін-өзі реттеу, ингибиторлық бақылау, дене шынықтыру, спорт, профилактика, нейроэндокриндік механизмдер, Қазақстан