Жіңішке капиталдандыру ережесінің Қазақстандағы корпоративтік салықтан жалтаруға әсері Нуркашева Н. С., Жолаева М. А., Кизатова К. К.
DOI 10.58319/26170493_2026_2_16
PDF 8 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Аталған зерттеу Қазақстандағы жіңішке капиталдандыру ережесінің корпоративтік салықтан жалтару стратегияларын әсерін талдауға бағытталған. Теорияның негізгі назары менеджерлердің шешім қабылдау ілгерілеуі қарастырылып, салық шығындарын азайту арқылы корпоративтік құндылықты арттыруға ұмтылатыны көрсетіледі. Жіңішке капиталдандыру ережесі кәсіпорында қарыз-меншікті капитал қатынасын реттеп, пайыздық шығындардың белгілі бір бөлігін шегерімге жатқызуды шектейді. Сол кезде difference-in-differences (DID) әдісі арқылы бағаланып, жоғары қарызды және төмен қарызды компанияның тәртібі салыстырылды. Нәтижесінде, келісімді салықтан жалтарудың төмендегенін, ал келісімсіз жалтаруда айтарлықтай өзгерістер болмағанын көрсетті. Халықаралық корпорациялар келісімді жалтаруды көбірек қысқартса да, балама әдістерді қолдану арқылы бейімделген. Зерттеу Қазақстанның салық жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін және аймақтық ерекшеліктерін айқындайды. Сонымен қатар, GAAR, SAAR нормативтерінің еңгізілуі корпоративтік салықтық жоспарлауды шектеудің құралдарына айналғаны атап өтіледі. Әдіснамалық зерттеуде 2018 -2025 жылдар аралығындағы мәліметтермен негізделді және 1353 бизнес субькктілері – жыл көрсеткіштері қолданылды. Қорытындысы, жіңішке капиталдандыру нормативі агрессивті салықтан жалтаруды азайтуға ықпал ететіні және халықаралык корпорациялар отандық бизнеске қарағанда көбірек әсер алатыны анықталды. Мұндай зерттеу корпоративтік стратегиядағы келісімді және келісімсіз жалтарудың рөлін түсінуге, сондай-ақ реттеушілерге саясаттың тиімділігін бағалауға құнды ақпарат береді.

Түйін сөздер

жіңішке капиталдандыру, салықтан жалтару, difference-in-differences (DID), зерттемелік теория, корпоративтік стратегия, халықаралық корпорациялар, GAAR, SAAR, фискалдық саясат

Шығарылым: №2(43)/2026

Авторлар туралы

Нуркашева Нурсулу Султанияровна

э.ғ.к, доцент К.Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті, Алматы, 050000, Абая 8 а, Республика Казахстан. E-mail: nursulu_1975@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-3798-3130
 

Жолаева Маргарита Ахантаевна

Ph.D., қауымдастырылған профессор (доцент), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 010000 Астана қ., Қазақстан, e-mail: ritazolaeva@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-9981-704X
 

Кизатова Камилла Кизатовна

экономика ғылымдарының магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 010000 Астана қ., Қазақстан, e-mail: kizatova2001@bk.ru, https://orcid.org/0009-0002-5899-9390