Аңдатпа
Осы мақалада авторлар Орталық Азия өңірі елдеріндегі жасырын тергеу әрекеттерінің теориясы мен практикасының өзектілігін қарастырады. Авторлар әртүрлі ғалымдардың, практик мамандардың көзқарастарын, сондай-ақ көптеген ғылыми және өзге де дереккөздерді талдай отырып, қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру барысында жасырын тергеу әрекеттерінің мүмкіндіктерін пайдалану қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының жасырын және жария қызметі арасындағы өзара жақындастырушы тетікке айналған деген қорытындыға келеді. Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің ұстанымдары бірқатар ерекшеліктерге ие болғанымен, жасырын тергеу әрекеттерін қылмыстық сот ісін жүргізуге одан әрі ұштастыру және енгізу бағытында жинақталған тәжірибе де бар.
Түйін сөздер
Жасырын тергеу әрекеттері, тергеу әрекеттері, жедел-іздестіру іс-шаралары, жедел-іздестіру қызметі, теория, практика, инновациялар, цифрландыру, қылмыс