Аңдатпа
Мақалада Орталық Азия елдерінің дамуының басты басымдығы ретінде сапа мәдениетін ілгерілету контекстінде халықаралық қағидаттарды және құқықтық қолдауды енгізу мәселелері қарастырылған. Білім сапасын арттырудың негізгі тетігі халықаралық аккредиттеу болып табылады, ол академиялық ұтқырлыққа және интернационалдандыруды арттыруға оң әсер етеді. Орталық Азия аймағында біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Мақаланың мақсаты – Орталық Азия елдерінде аккредиттеуді дамыту мен енгізуді бағалау және талдау. Зерттеу барысында әртүрлі тәсілдер мен топтастыру әдістері, салыстырмалы талдау, бағалау және болжау әдістері қолданылды.
Түйін сөздер
құқықтық реттеу, білім сапасы, халықаралық принциптер, аккредиттеу, интернационалдандыру