Аңдатпа
Мақалада цифрлық трансформация жағдайында мемлекеттік секторда Agile жобаларды басқару әдістерін енгізудің өзекті мәселелері қарастырылады. Мемлекеттік органдар тиімділік, ашықтық және азаматқа бағытталған қызметтерді арттыру қажеттілігіне тап болуда, бұл дәстүрлі жобалық басқару тәсілдерінің икемсіздігін айқындайды. Зерттеудің мақсаты – АҚШ, Сингапур, Эстония, БАӘ және Қытай елдеріндегі Agile тәжірибесін салыстырмалы бенчмаркинг әдісімен зерттеп, оны Қазақстанға бейімдеуге арналған ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу әдіснамасы сапалы жағдайлық талдауға негізделген және ғылыми әдебиетке сүйенеді. Scrum, SAFe, Kanban немесе олардың гибридтік модельдерін қолданатын ұлттық жобалар таңдалды. Салыстыру басқару құрылымы, жүзеге асыру мерзімдері, бюджет тиімділігі, мүдделі тараптардың қатысуы және масштабталу стратегиясы бойынша жүргізілді. Зерттеудің жаңалығы мен маңыздылығы – халықаралық озық тәжірибені Қазақстан сияқты дамушы цифрлық экожүйелерге бейімдеуінде. Мемлекеттік органдар арасындағы үйлестірудің әлсіздігі мен әкімшілік қатаңдықты ескере отырып, мақалада министрліктер деңгейінде модульдік іске асыруды және ірі ведомствоаралық бағдарламалар үшін масштабталатын координацияны біріктіретін аралас Agile тәсілін ұсынады. Нәтижелер көрсеткендей, Agile тәсілдері орталықтандырылған стратегиялық бақылау мен команда дербестігін теңдестіргенде, жобаның бастапқы кезеңінен бастап азаматқа бағытталған жобалау қолданылғанда және ортақ цифрлық инфрақұрылым арқылы масштабтауға қол жеткізілгенде ең тиімді болып табылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы мемлекеттік цифрлық жобаларды басқарудың неғұрлым икемді, нәтижеге бағытталған және орнықты үлгісін қалыптастыру үшін жол картасын ұсынады.
Түйін сөздер
Agile әдісі, мемлекеттік басқару, цифрлық трансформация, бенчмаркинг, икемді әдістемелер, жоба менеджменті, электрондық үкімет