ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ВАЛЮТАЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ *Абайдуллин А. А., Сабыржан А.
PDF 91-99 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі цифрлық валюталардың замануи қаржы жүйелері мен экономикаға айтарлықтай ықпал етуімен негізделген. Зерттеудің мақсаты – шетелдегі цифрлық валюталардың, соның ішінде криптовалюталар мен орталық банктердің цифрлық валюталарының (CBDC) даму тенденцияларын талдау. Зерттеу цифрлық валюталардың таралуының негізгі драйверлерін анықтауға, олардың жаһандық қаржы жүйесіне әсерін зерттеуге, сондай-ақ әлемдік экономика мен қаржы нарықтарына интеграциялау бағыттары мен перспективаларын белгілеуге бағытталған. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін теориялық және эмпирикалық деректерді талдау мен синтез әдістері қолданылды. Зерттеудің негізінде цифрлық валюталарды дамыту саласындағы шетелдік тәжірибені зерделеу жатыр. Ғылыми журналдардағы жарияланымдар, халықаралық ұйымдардың есептері, әртүрлі елдердің заңнамалық бастамалары және криптовалюталар мен CBDC енгізу мысалдары талданды. Цифрлық валюталарды реттеудің салыстырмалы талдауы мен олардың технологиялық негіздерін, соның ішінде блокчейн және таратылған реестрлерді қолдануды зерттеуге ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, шетелдегі цифрлық валюталардың дамуы бірнеше негізгі факторлардың ықпалымен жүруде: технологиялық инновациялар, қаржылық қолжетімділікті жақсарту, ақша ағындарын оңтайландыру және қаржы жүйелерінің қауіпсіздігін арттыру. Әртүрлі елдердің тәжірибесін талдау орталық банктердің цифрлық валюталары валюта жүйелерін тұрақтандыру және ақша-несие саясатын жетілдіру үшін стратегиялық құрал екенін көрсетті. Сонымен қатар, криптовалюталар жоғары құбылмалылық пен реттеу кемшіліктеріне қарамастан, қаржы технологияларын дамытуда маңызды бағыт болып қала бермек. Негізгі сын-қатерлер ретінде реттеу мәселелері, тәуекелдерді басқару және деректерді қорғауды қамтамасыз ету қарастырылуда. Зерттеу цифрлық валюталардың әлемдік экономикаға интеграциялану перспективаларын, оның ішінде халықаралық есеп айырысуда қолданылуын және жаһандық қаржы ағындарына әсерін айқындады.

Түйін сөздер

блокчейн, цифрлық валюта, виртуалды валюта, криптовалюта, биткоин.

Шығарылым: 2-2025

Авторлар туралы

*Абайдуллин Алишер Алмасович

PhD докторант, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды к., Қазақстан Республикасы

E-mail: Alish.abaidullin@gmail.com

Сабыржан Али

экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университет, Қарағанды к., Қазақстан Республикасы

E-mail: alisher-aliev-79@mail.ru