ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ЗИЯТКЕРЛІК ЕҢБЕК ӘЛЕУЕТІН ТАЛДАУ Ильяс А., *Сатпаева З. Т., Кангалакова Д. М.
PDF 57-63 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Тұрақты даму мақсаты 8 лайықты жұмыс орындарын құруға ықпал ететін дамуға бағдарланған саясатты іске асыруға бағытталған. Зияткерлік еңбекте іске асырылатын адам тапқырлығының көмегімен ғана жаңа шешімдерді әзерлеуге болатындыұтан, зерттеу мақсаты жоғарғы зияткерлік еңбек саласындағы Қазақстанның еңбек әлеуетіне талдау жасау және мемлекеттік саясат үшін тиісті ұсыныстар әзірлеу болды. Жоғары зияткерлік еңбек саласындағы қолда бар еңбек ресурстарын айқындау және жұмыссыздар үшін жұмыс орындарын құру және ЖОО түлектерін жұмыс күшіне тарту есебінен елдің еңбек әлеуетін арттыру мүмкіндігін анықтау мақсатында сандық зерттеу жүргізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы деректері пайдаланылды. Зерттеу барысында Қазақстандағы жоғары зияткерлік еңбек нарығы жоғары еңбек әлеуетімен, кәсіпқойлар арасында жұмыс күшінің артық болуымен және басшылық лауазымдардағы жұмыс күшінің тапшылығымен сипатталатыны анықталды. Алынған нәтижелер негізінде білім беру жүйесін реформалауға, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыруға және экономика секторлары арасында теңгерімді өсуге жәрдемдесуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Түйін сөздер

тұрақтылық, ТДМ 8, жоғары зияткерлік әлеует, кәсіби мамандар, әлеуметтік-экономикалық мемлекеттік саясат, білім беру

Шығарылым: 2-2025

Авторлар туралы

Ильяс Асель

экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және менеджмент» кафедрасының ассистент-профессоры, Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, ORCID: 0000-0002-1368-1429 

E-mail: asselilyas26@gmail.com

*Сатпаева Зайра Тулегенқызы

PhD, қауымдастырылған профессор, Инновациялық және технологиялық және даму бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: satpayeva.zaira@ieconom.kz

Кангалакова Дана Мұратбекқызы

PhD, қауымдастырылған профессор, Экономиканың нақты секторы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: dmuratbekovna@mail.ru