Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНА ҚЫТАЙДАН ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ *Хойч А., Төлепов Ә. Е., Калиева С. С.
PDF 75-83 0 Жүктеп алынды 0

Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты ретінде Қазақстан экономикасына соның ішінде мұнай-газ саласына қытай мемлекетінен тартылған инвестициялардың қазіргі жағдайын бағалау және ерекшеліктерен анықтау болып келеді. Қазақстанның ұлттық экономика жүйесімен қатар инвестициялық саясатында алып көршісі Қытай Халық Республикасы ажырымас басымдылықта келеді. Сондықтан, екі-жақты экономикалық -қатынас жүйелі дамып келеді. Соның ішінде, Қытай инвесторлары Қазақстан экономикасының барлық салаларында инвестициялық ынтымақтастығын арттырып келеді. Қытайден келетін инвестицияның артуы мен өрісін жаюы экономиканың көпжақты ынтымақтастықпен сипатталатын көрініс. Қазақстанның ұлттық экономикасының - негізгі қайнар көзі болып табылатын мұнайгаз саласы тек Қытайлық емес басқа да мемлекеттер үшін басты инвестициялық тартымды сала. Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ саласындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жаңа серпіні аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік ретінде сипатталатын қарым-қатынастар дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл стратегия Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті екі елдің сыртқы экономикалық саясатының маңызды тетіктеріне айнала отырып, ұзақ мерзімді даму мақсаттарын белгілеуге бағытталған. Осылайша, зерттеу барысында авторлар Қазақстан экономикасына бағытталған Қытайлық мұнайгаз саласына инвесторлары АҚШ пен Европа елдерінен кейін үштікті ұстап тұр және бұл қарқын әлі де арта түсетіні сөзсіз екенін негіздейді.

Түйін сөздер

Қазақстан экономикасы, мұнай-газ саласы, инвестициялар, қытай инвестициясы, бір белдеу – бір жол бастамасы.

Шығарылым: 3-2024

Авторлар туралы

*Хойч Айжан

экономика ғылымдарының PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: khoich.aizhan@gmail.com

Төлепов Әділ Ерболатұлы

экономика ғылымдарының PhD, аға оқутышы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: adil-tulepov@mail.ru

Калиева Самал Сериковна

экономика ғылымдарының PhD, аға оқутышы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы

E-mail: s.s.kaliyeva@gmail.com