Аңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың жерді басып алудағы заңсыз әрекеттерін және жалпы осы әрекеттердің еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне әсерін жан-жақты зерттеу болып табылады. Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да қатынастарда болып жатқан өзгерістер тек оң нәтижелерге ғана емес, сонымен қатар, атап айтқанда, жер телімдерінің көбеюінен көрінетін жағымсыз салдарға әкелді. Соңғы кездері азаматтардың нақты құқықтарын ғана емес, мемлекет мүддесін де бұзатын жер телімдерін өз бетінше басып алу, рұқсат етілмеген құрылыстар тұрғызу мәселелері жиілеп, өзекті болып отыр. Зерттеудің әдіснамалық негізі институционалдық және неоинституционалдық теорияның жалпыланған жетістіктері, сондай-ақ отандық және жер дауы саласындағы шетелдік ғалымдар. Автор Қазақстанда бірінші болып заңсыз салынған құрылыстардың экономикалық зардаптарын анықтауға тырысты.
Түйін сөздер
заңсыз құрылыс, экономикалық зиян, жер салығы, мүлік салығы, қала құрылысы қызметі.