Аңдатпа
Мақала ЕО-та ұлттық және халықаралық деңгейде бала асырап алудың санының өсуіне байланысты ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Мақаланың мақсаты ЕО елдері мен ҚР бір-бірімен салыстыра отырып негізгі белгілерін анықтау. Мақала жазу кезінде авторлар ғылыми талдау әдісін, аналитикалық әдісті, тарихи және салыстырмалы әдістерді қолданды. Зерттеу барысында авторлар негізгі халықаралық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді қарау кезінде бала асырап алудың бірыңғай тәсілінің жоқтығын анықтады, бала асырап алудың әкімшілік жіне сот тәртібіне, сондай-ақ adoption plena және adoption simple бала асырап алу нысандарына сипаттама берді. Ғылыми маңыздылығы бала асырап алу кезіндегі басты басымдық ретінде баланың мүдделерін ескрету алумен, бала асырап алу институтының даму тенденциясы, ерекше Еуропа елдеріндегі бала асырап алу саласындағы заңдар туралы жалпы ақпарат берумен, сонымен бірқатар Еуропа елдерінде бір жынысты жұптардың бала асырап алу және олардың халықаралық асырап алу кезіндегі қоғамның көзқарасымен анықталады.
Түйін сөздер
бала асырап алу, баланың мүдделері, бала асырап алушы, асырап алынушы, халықаралық асырап алу, уәкілетті орган, шетелдік агенттіктер.