Аңдатпа
Бүгінгі таңда Қазақстанның өзін-өзі жұмыспен қамту нарығы жеткілікті зерттелмеген сала болып отыр. Мақалада тоғыз кезеңді қамтитын Қазақстан Республикасының өзін-өзі жұмыспен қамту нарығын бағалаудың әдіснамалық тәсілі ұсынылған. Жұмыста әр кезеңнің мазмұнын дәйекті түрде ашады. Бұл әдістемелік тәсіл Қазақстанда интеллектуалды және инновациялық өзін-өзі жұмыспен қамтуының қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына қосымша серпін беретіндігінің дәлелдерін қосады. Бұл мәліметтер интеллектуалды-инновациялық қызметтің экономикалық дамуға әсерін зерттеуге негізделген. Мақалада сандық экономикалық және математикалық әдістері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми деректері негізінде статистикалық ақпаратты өңдеудің заманауи пакеттерін қолдана отырып, зерттеу гипотезаларын тексеру кезеңдері нақты және кезеңезең ашылады. Осылайша, зерттеу барысында автор ұсынылған талдау кезеңдерінің кезектілігі мен бағалау көрсеткіштерінің жиынтығын, зерттеудің сандық әдістерін қолдануды негіздейді.
Түйін сөздер
өзін-өзі жұмыспен қамту нарығы, әдіснамалық тәсіл, көрсеткіштер, инновациялық әлеует, үлгі, сандық әдіс, болжам